Солтүстік Қазақстан облысында Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 62 жастағы қызметкері уланып, ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Әйел 3 қарашада ауыр химиялық улану белгілерімен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер екі аптаға жуық өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, ол 15 қарашада жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Әлеуметтік желіде оқиғаның аудан әкімдігіндегі қаржылық тексерістерге қатысы болуы мүмкін деген болжам тараған. Алайда бұл ақпарат әзірге расталған жоқ.