Шоу-бизнес

«Әр өңірде бір ұрпағы қалсын»: Қабатовтың тоқалы әзілкештің тағы да үйленуі мүмкін екенін айтты

«Әр өңірде бір ұрпағы қалсын»: Қабатовтың тоқалы әзілкештің тағы да үйленуі мүмкін екенін айтты

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі ретінде танылған әйел әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне қатысты пікірлерге жауап беріп, отбасылық жағдайы туралы жазды. Ол екі отбасының арасына от жақпауға шақырып, әзілкештің балаларына қарайласып жүргенін мәлімдеген, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

«Екі жақты араздастырмаңыздар. Әйелді әйелге жау етпеңіздер. Мен үлкен үйдің әрбір жанын бір адамдай сыйлаймын, құрметтеймін. Ешнәрсеге қарсы емеспін әрі болғым да келмейді. Қолдарыңыздан келсе, үлкен үйдің жетістігіне жетіп, кіші үйдің өмірін сүріп көріңіздер», – деп жазған ол.

Сондай-ақ автор Тұрсынбек Қабатов екі отбасының алдындағы міндеттерін орындап жүргенін алға тартқан.

«Тұрсынбек қай үйде болса да, екі отбасының алдындағы міндеттерін шектеп, азайтып, ешкімді қараусыз қалдырған емес. Қолынан келгенше сегіз баланы асырап, жақсы мектептерде оқытып, жақсы киіндіріп, бар жағдайын жасап жатыр», – делінген жазбада.

Бұған қоса, ол көпшіліктің өзіне қатысты сұрақтарына жауап беріп, жеке өміріне араласпауға үндеген.

«Көкіректеріңді кернеген сұрақтарыңа жауаптарыңды алсаңдар, өз өмірлеріңді сүріңдер. Елде басқа да проблемалар жетеді», – деп жазды ол.

Тағы бір жазбасында автор: «Менен кейін он қатынын алса да, Алла қаласа ала алады. Маған десе, әр өңірде бір ұрпағы қалсын. Кім біледі, солардың ішінен ел басқаратын, Абайдай ұлы тұлғалар шықпасына кім кепіл? Бұл – біреудің тарихы», – деген.

Әлеуметтік желіде тараған стористерінде ол өзіне зияны жоқ адам екенін айтып, мұсылмандарды бір-бірін кінәламауға шақырған.

Барлық жаңалық