Ресейдің Кемерово облысында Ан-12 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Алдын ала мәлімет бойынша, борттағы 17 адамның барлығы қаза тапқан.
Оқиға 17 қараша күні кешке Ягуново ауылының маңында болған. Кемерово облысының губернаторы Илья Середюк апат болған жерге барғанын және қайғылы жағдайды растаған.
Ресейлік Telegram-арналардың жазуынша, апатқа ұшыраған ұшақта 17 адам болған. БАҚ мәліметінше, бұл – Новосібірден Канск қаласына бағыт алған Ан-12 әскери-көлік ұшағы.
Ұшақ әуежайға шамамен бес шақырым қалғанда ашық алаңға құлаған. Соққы салдарынан оның бөлшектері 500 метрге дейінгі аумаққа шашылған.
Алдын ала ақпарат бойынша, бортта қауіпті жүк болмаған. Сондай-ақ жердегі нысандарға зақым келмеген.
Апатқа ұшақ қозғалтқыштарының бірінен шыққан өрт себеп болуы мүмкін. Болжам бойынша, қозғалтқыш әуеде тұтанып, артынша әуе кемесі күрт төмен қарай құлдилаған. Кей деректерде экипаж ұшақты тұрғын үйлерден барынша алыстатуға тырысқаны айтылады.