Жаңалықтар

Павлодарда қарақшылық жасаған қазақстандық 27 жылдан кейін Мәскеуде ұсталды

Павлодарда қарақшылық жасаған қазақстандық 27 жылдан кейін Мәскеуде ұсталды

Ресейде 27 жыл бойы іздеуде жүрген Қазақстан азаматы ұсталды. Ол 1999 жылы Павлодарда жасалған қарақшылық шабуылдан кейін іздестіріліп келген,деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, қазақстандық полицейлер ресейлік әріптестерімен бірлесіп, күдіктінің жүрген жерін анықтаған. Нәтижесінде ол Мәскеу қаласында қолға түсті.

Сондай-ақ биылғы жылдың он айында Павлодар облысының полицейлері іздеуде жүрген 82 адамның 73-ін тапқан. Бұдан бөлек, шет мемлекеттердің сұрауы бойынша іздестірілген 31 адам өңір аумағынан, тағы жетеуі Қазақстаннан тыс жерлерден анықталған.

 
 
Барлық жаңалық