Шоу-бизнес

«Толықтығымның кесірінен махаббаттан жолым болмады»: Айшолпан Байтүгел ағынан жарылды 

«Толықтығымның кесірінен махаббаттан жолым болмады»: Айшолпан Байтүгел ағынан жарылды 

Блогер Айшолпан Байтүгел әлеуметтік желідегі оқырмандарынан толықтығына қатысты жиі сын еститінін айтты. Оның сөзінше, өзіне бағытталған жағымсыз пікірлердің басым бөлігі дене бітіміне байланысты,деп хабарлайды Ozgeris.info.

Сондықтан блогер TikTok пен Instagram стористеріне тамақ ішіп отырған видеоларын салмайтынын жеткізді. Өйткені жай ғана тамақ жеп отырса да, жұрт бірден не жеп отырғанын сұрап, сынай бастайды.

Айшолпанның пікірінше, артық салмағы бар адамдардың тамақтануына көпшілік ерекше назар аударады. Ал темекі шегу мен алкоголь тұтынудың денсаулыққа зияны сырт көзге бірден байқалмайды.

Соған қарамастан блогер қазір өзін жақсы көретінін және толықтығын қабылдағанын айтты. Бірақ толықтығының кесірінен махаббаттан да жолы болмағанын айтты. 

Барлық жаңалық