Шоу-бизнес

«Керемет қызды жіберіп алды»: Гүлзира Айдарбекованың экс-келіні жаңа қырынан көрінді

«Керемет қызды жіберіп алды»: Гүлзира Айдарбекованың экс-келіні жаңа қырынан көрінді

Продюсер Гүлзира Айдарбекованың бұрынғы келіні, әнші Заңғар Нұртастың экс-жұбайы Жібек Қайратқызы халықаралық форумда көзге түсті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ол «Жасанды интеллект дәуіріндегі көшбасшылық, зерттеулер және білім беру» тақырыбындағы форумнан видео жариялап, жүргізуші болғанын айтты.

 

«Жүргізуші тізгігін абыроймен алып шыға алғаныма қуаныштымын»,– деп жазды ол.

Желі қолданушылары оның көпшілік алдында өзін еркін ұстап, шет тілінде сенімді сөйлегеніне назар аударып, түрлі пікірлерін білдірді.

«Заңғар бұл қызға лайық емес еді», «Қандай керемет қыздан айырылып қалды», «Өте салмақты, білімді екен», «Аты затына сай», «Жібек, жарайсың»,– деп жазды көпшілік.

Барлық жаңалық