Қоғам

Kaspi-дегі ең қымбат кітаптар қандай?

 Кітап дүкендеріндегі, әсіресе Kaspi-дегі кейбір басылымдардың шарықтап кеткен бағасына таң қаласың. Ozgeris.info редакциясы ең қымбат үш кітапқа шолу жасады. 

Мысалы, Л. Рон Хаббардтың «Негіздер» атты кітаптар мен лекциялар жинағы 2 136 000 теңге тұрады. Бұл шағын автокөлік алуға жететін сома. Жинақтың мазмұны ғылыми және философиялық болғанымен, көпшілікке бұл баға қолжетімсіз екені анық.

Тағы бір көзге түскені Конфуцийдің «Даналық афоризмдері». Былғары мұқабадағы, арнайы футляры бар басылымның бағасы 1 500 000 теңге. Иә, даналық арзан тұрмайды. Бірақ бұл жерде даналықпен бірге инфляция да сөйлеп тұрғандай.

Ал отандық еңбектер ішінде Нұрсан Әлімбайдың «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі» атты 5 томдық жинағы 480 000 теңге тұрады. Бұл ғылыми еңбек үшін қалыпты баға деуге болар, дегенмен көпшілік оқырман үшін бұл да жеңіл шығын емес.

Барлық жаңалық