Ресейлік танымал әнші Дима Билан Астанада өткен концертінде өзімен аттас төрт жасар қазақстандық баламен кездесті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұған дейін бүлдіршіннің видеосы әлеуметтік желіде кең тараған еді.
Шығыс Қазақстан облысында тұратын төрт жасар Дима Билан есімді баланың видеосы көктемде желі қолданушыларының назарын аударған. Бейнежазбада бүлдіршін өзінің аты-жөнін айтқанымен, онымен сөйлескен әйел бастапқыда сенбеген.
Көпшілікті таңғалдырған бұл оқиға ақыры әншінің өзіне де жеткен.
20 қарашада Астанадағы «Барыс Аренада» өткен концертке кішкентай Дима Билан арнайы қонақ ретінде шақырылды. Осылайша есімі бірдей әнші мен бүлдіршін жүздесті.
Кейін өнер иесі Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында баламен бірге түскен суретін жариялады. Ол кішкентай қонағымен кездесудің қалай өткенін көрсететінін де хабарлаған.
Айта кетейік, Дима Билан 22 қарашада Алматыдағы Almaty Arena сахнасында концерт береді.