Шоу-бизнес

«Ісім сенімен болсын»: Дариға Бадықова өзін тілдеген психологқа сес көрсетті

«Ісім сенімен болсын»: Дариға Бадықова өзін тілдеген психологқа сес көрсетті

Психолог Шолпан Есмағанбетова әлеуметтік желіде Дариға Бадықова туралы айтқан видеосын жариялады. Онда ол Бадықоваға қатысты пікір білдіріп, Олжас Абай туралы сөз еткен, деп жазады Ozgeris.info. 

«Очау… Ачау… әлде Очау ма — түсінбедім. Жалпы, мұндай лақап ат не үшін керек? Бұл қай тілде? Ол жай ғана ішіп алып, әр жерде домалап жүрген. Сөйтті де Дариғаны жолықтырып ақыры бақыт құсын тапты. Екеуінде атақ та, ақша да бар. Үйленудің тіпті керегі жоқ еді», — деді Шолпан видеода.

Осыдан кейін Дариға Бадықова Instagram парақшасында оған жазба жариялады. 

«Сен кімсің? Қайдан шыққан бәлесің? Өз ана тілінде сөйлей алмайтын дүбәра. Менің жеке басыма тиісетін кімсің?», — деп жазды актриса.

Бадықова қазір қалаларды аралап, қолы тимей жүргенін айтып, әлгі адамның өзін төмендетіп, хайп жасағысы келгенін мәлімдеді.

«Кино бітсін, ісім сенімен болсын. Оған дейін сіздер не дейсіздер? Біздің не істеп жатқанымызды, сенің не істеп жүргеніңді көремін. Киномыз шыққанда бәрі белгілі болады», — деп жазды ол.

 

Барлық жаңалық