Оқиға Балқашта Техснаб маңындағы жабдықталмаған жағажайда болған, деп хабарлайды ozgeris.info.
Қатты толқын төрт жасар қызды жағадан алысқа алып кеткен. Анасы мен отбасы досы артынан жүзіп барғанымен, толқынның кесірінен баланы қуып жете алмаған. Осы сәтте әкесі құтқарушыларды шақырған.
Қыз бала жағадан шамамен 200 метрге алыстап кеткен. Құтқарушылар жеткен кезде олар қызды және әлсіреп қалған ер мен әйелді жағаға аман-есен алып шықты.