Бұған дейін іздеуде болған Мұрат Боранбаев өз еркімен құқық қорғау органдарына келіп, ұсталды. Бас прокуратураның хабарлауынша, ол кінәсін мойындап, заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару туралы процестік келісімге қол қойған.
Сот шешімімен Боранбаев қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, себебі ол процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған. Келтірілген залал толық көлемде өтелгені атап өтілді.
Мұрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық іс 2022 жылы тіркелген болатын. Ол ақылы автотұрақ жүйесін іске қосу барысында қаражат жымқырды деген күдікке ілінген.