Қоғам

1 шілдеден бастап Қазақстанда не қымбаттайды?

Жаңа ай отандастарымыз үшін баға өсімімен басталмақ. Ұн, май, газ, байланыс қызметтері мен темекі – барлығының құны артады. Бұл өзгерістер тұрмыста тікелей сезілмек. Ендеше, негізгісіне тоқталайық, деп жазады Ozgeris.info.

Сауда және интеграция министрлігі ұн, күнбағыс майы мен спирттік ішімдіктердің ең төменгі бағасын көтеретінін хабарлады. Мәселен, ұн бірден 44,6%-ға қымбаттап, бір келісі 96,65 теңгеден 139,81 теңгеге дейін өседі. Майдың бағасы 61,2%-ға жоғарылайды. Ашытқы да қымбаттамақ. Бұл нан, тәттілер мен басқа да тағамдардың құнын арттырады. Водка литрі енді 1136 теңге, ал коньяк 3282 теңге болады.

Бірақ жағымды жаңалық та бар жұмыртқа сәл арзандайды. Жаңа баға  37,8 теңге. Бұрын ол 39,38 теңге болған.

Темекі де шілдеден бастап қымбаттайды. Енді бір қорабы кемі 920 теңге тұрады. Бұл баға жыл соңына дейін сақталады. Ал 2026 жылдан бастап  970 теңге болады. Қоғамдық денсаулықты сақтау мақсатында қабылданған бұл шара темекі шегуді азайтуға бағытталған.

Газ бағасы күрт өзгереді. Үкімет тұтынушыларды екіге бөлді: ірі кәсіпорындар мен қарапайым тұтынушылар. Майнингпен айналысатын компаниялар Алматы мен Жетісу облыстарында 1000 текше метр газ үшін 76 686 теңге (ҚҚС-сыз) төлейді. Ал халық үшін ең жоғары баға 39 979 теңге. Бұл көрсеткіш Алматы, Алматин және Ұлытау облыстарына қатысты. Шығыс Қазақстанда бұрынғыдай 7563 теңге деңгейінде қалады.

Байланыс операторлары да шет қалған жоқ. Beeline кейбір архивтік және белсенді тарифтердің бағасын 21 шілдеден бастап көтереді. Сол сияқты Altel де “Expert” тарифінің құнын өзгертпек. Компания бұған себеп ретінде желіні жаңарту мен техникалық шығындарды алға тартты.

Cherrynet провайдері (Қарағанды облысы) да интернет тарифтерін шілдеден бастап көтереді. Орташа өсім 7,7%. Олар бұны шетелдік жабдықтардың қымбаттауымен және инфляциямен байланыстырды.

 

Барлық жаңалық