Шоу-бизнес

“Бәрін біліп отырсыздар!”: Төреғалидің әйелі зілді жазба жариялады

“Бәрін біліп отырсыздар!”: Төреғалидің әйелі зілді жазба жариялады

Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желіде көпшіліктің қызығушылығын тудырған жазба жариялады, деп хабарлайдыozgeris.info сайты.

Өнер иесінің жары Instagram парақшасында оқырмандарына үн қатып, ел арасында түрлі болжамға себеп болған жазбасын бөлісті.

«Сәлем бердім! Қалайсыздар?! Бәрін көріп-біліп отырған шығарсыздар! Менің де айтарым көп! Екінші тарапты күтіп отырмын. Жақсылықтың жаршысы болайық», – деп жазды Толқын Тұрарбекқызы.

Желі қолданушылары жазбаны Төреғали Төреәлінің отбасына қатысты соңғы уақытта тараған ақпараттармен байланыстырып, әртүрлі пікір білдіруде. Алайда Толқын Тұрарбекқызы әзірге бұл сөздерінің нақты қандай жағдайға қатысты екенін түсіндірген жоқ.

Еске салайық, соңғы күндері әнші Төреғали Төреәлінің жеке өміріне байланысты әлеуметтік желілерде түрлі мәліметтер тарап, қызу талқыға түсті. Сонымен қатар, оның продюсері Жан Мұқанов әншінің әзірге концерттер мен гастрольдік сапарларға шықпайтынын мәлімдеген болатын. 

Барлық жаңалық