Танымал блогер Жұлдыз Жауынбаева өзінің пәтерінде ұсталды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Оны Алматы қаласы, Бостандық ауданына қарасты полиция департаменті өкілдері ұстап алып кеткен.
"Шешемнен арыз түсті. Бүгін сағат кешкі 18:00 үйімнен досымды шығарып салып жатқанда полиция қызметкерлері күтіп алды. Есікті жаптырмай Бостандық ауданының полиция бөлімшесіне алып кетті. Мені ұстап алып кетті. Бәрінің әділетті өткенін қалаймын. Халқым көмектесіңіздерші, өтінемін", - деп жазды ол.
Белгілі болғандай полиция оны арыз бойынша және тікелей эфирдегі боғауыз сөздері мен орынсыз қылықтары үшін ұстаған.
Желі қолданушылары блогерге көмек керек екенін жазып, блогер достарына өтініш жасауда.

