Шоу-бизнес

"Келінді аяп кеттім": Сәкен Майғазиев немересінің анасына құрметсіздік көрсеткен (ВИДЕО)

"Келінді аяп кеттім": Сәкен Майғазиев немересінің анасына құрметсіздік көрсеткен (ВИДЕО)

Сәкен Майғазиевтің немересін алғаш рет көрсеткен видеосы желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Майғазиев Instagram парақшасында немересін құшағына көтеріп келе жатқан видеомен бөлісті. Өнер иесі жазбасында барша жұртты құттықтап, ақ тілегін жеткізді.

«Баршамызды жоқтан бар еткен бір Аллаға шексіз шүкірлер мен сансыз мақтаулар болсын! Пайғамбарымыз Мұхаммедке сансыз салауаттар болсын! Күллі қазақ халқына Алланың амандығы, берекесі, тыныштығы, жақсылығы болсын! Сіздерге де жұғысты болсын. Бәріңізді құшақтадым!» – деп жазды әнші.

Желі қолданушыларының басым бөлігі өнер иесін құттықтап, немересінің бауы берік болуына тілектестік білдірді. Пікір қалдырғандардың арасында журналист Дана Нұржігіт те бар.

«Ешкімге бермей өз өсіретін сияқты ғой атасы. Бауы берік болсын, Сәкен!» – деп жазды ол.

Алайда видеоның астында сын пікірлер де аз болған жоқ. Кейбір желі қолданушылары видеода келінінің артта қалып қойғанына назар аударған.

«Келін қалды жайына, баланы туған анаға ешкім қарамады», – деп жазды желі қолданушысы. Тағы бірі: «Келінді аяп кеттім, жаным. Артта бір өзі келе жатыр. Енесі қолынан ұстаса қайтеді», «Сәкеннің келінді артқа тастап, баланы алып алға түсіп алғаны қызық екен», «Келіні өз бетімен артта қалып қойғаны қалай кетті? Кішкене біртүрлі сияқты», – деген ойын білдірді.

Дегенмен басқа қолданушылар мұндай сынмен келіспейтіндерін айтып, «бірінші немере болған соң ата-әжесінің қуанышы ерекше», «видеодан қорытынды жасау дұрыс емес» деген пікірлерін жазды.

Барлық жаңалық