Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желідегі парақшасында қиын жағдаймен бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Айтуынша туған інісі ауруханаға түсіп қалған.
"Бүгін бауырым ауруханаға түсіп, біраз уақыт емханада жүрдім. Алла, адамды мүсәпір етем десе 1 мин ішінде. Қаншама адамдар өмірімен арпалысып жатқанын көзіммен көріп, таубаға келіп қайттым.
КҮН ЫСЫҒАН САЙЫН, ҚАН ҚЫСЫМ, ҚАН ҚОЮЛАНУ ӨТЕ КӨП, АБАЙЛАП, ВИТАМИНДЕР ІШІП ӨЗДЕРІҢІЗГЕ ҚАРАП ЖҮРІҢІЗДЕР! ӨЗІҢІЗДЕН БАСҚА ЕШКІМГЕ СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗ КЕРЕК ЕМЕС, ӨЛСЕҢІЗ ДЕ АРЫ КЕТСЕ 5-6 АЙ ҰМЫТЫЛАСЫЗ. “СІЗСІЗ ДЕ ТІРІ АДАМ ТІРШІЛІГІН ЖАСАЙДЫ, ӨЛГЕННІҢ АРТЫНАН ӨЛМЕК ЖОҚ” ДЕП БАЯҒЫДА АТА-АНАЛАРЫМЫЗ АЙТУШЫ ЕДІ, БӘРІ РАС АЙТЫЛҒАН", - деп жазды ол.
