Актриса әрі продюсер Дариға Бадықова әлеуметтік желіде өрт сөндірушілер туралы түсіріліп жатқан жаңа жобасының түсірілім барысымен бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info.
Өнер иесінің айтуынша, түсірілім тобы бұл жолы көрерменге барынша шынайы дүние ұсынуды мақсат еткен. Сол себепті түсірілім алаңына арнайы нағыз тікұшақ жеткізілген.
«Жынды екенімізді түсіндік. Осы жолы бәрін шынайы жасағымыз келді көрермендер. Сол үшін түсірілім алаңына арнайы нағыз тікұшақ қондырдық. Біз көрерменге әсер сыйлау үшін ұсақ-түйекке дейін мән бердік», – деп жазды ол.
Сондай-ақ Бадықова түсіріліп жатқан «Соңыра 112» жобасы қарапайым фильм емес екенін атап өтті.
«Соңыра 112 – жай ғана фильм емес. Бұл шынайылық пен эмоцияға құрылған үлкен жұмыс», – деді продюсер.