Танымал әнші Наркенже Серікбаева жанкүйерлеріне жағымды жаңалығын жария етті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұл туралы ол жеке парақшасында.
"Қандай жаңалығым болса да бірінші сіздермен бөліскім келеді. Менің сырласым да, мұңдасым да сіздерсіздер! Өнердегі әр қадамыма тілекші боп, іздеп, шынайы жанкүйер боп отыратын жанашыр жақсыларыма, жүрекпен сүйетін талғамы биік тыңдармандарыма “Жүрегімдесің” атты жаңа туындыны ұсынамын", деді ол.
Сонымен қатар өнер иесі су жаңа әнінің авторларына да тоқтала кетті.
"Бұл әннің авторларын сіздер жақсы білесіздер, танисыздар. Әнін жазған Сырдың сыршыл сазгер сұлуы, менің танылуыма себепкер болған, паспортым болған “Жүрегімде жүрсің сен” деген әннің авторы-@indiraelubaeva Индира Елубаева әпкем. Сөзін жазған ақын Құралай Омар қыздарыңыз. Осындай сұлу әнді маған сыйлағандарыңызға рахмет! Шығармашылық шабыт, толағай табыс тілеймін! Осы бейнебаянның жарыққа шығуына ат салысқан барша командаға, қыз-жігіттерге алғысымды білдіремін!", деп жазды әнші.