Жаңалықтар

Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы болған Зулфия Төленоваға сот үкімі шықты

Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы болған Зулфия Төленоваға сот үкімі шықты

Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы болған Зулфия Төленоваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот шешімі шықты, деп хабарлайды  Ozgeris.info

Мәлімет бойынша, Төленоваға қатысты қылмыстық іс жыл басында қозғалған. Іс кейін сотқа жолданып, сотталушыға 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Алайда Зулфия Төленова сот үкімімен келіспеген. Ол апелляциялық шағым түсірген. Апелляциялық сот отырысы алдағы күндері өтеді деп жоспарланып отыр.

Қазір Құндыз бен Назгүл Тараз қаласындағы арнайы орталықта тәрбиеленіп жатыр. Олардың жағдайы тұрақты, көңіл-күйлері жақсы екені хабарланды.

Апелляциялық соттың шешімі жарияланғаннан кейін іс бойынша қосымша мәлімет беріледі.

Барлық жаңалық