Танымал әнші Наркенже Серікбаева желідегі парақшасында марқұм анасына жазба арнады, деп хабарлайды
Өнер иесі сағынышын жеткізген.
"Ертең Анашымның туған күні. Анашым! Ақ періштем! Мәңгі сағынышым менің! Тірі болғаныңызда бүгін мерей тойыңызды тойлап, бір марқайып қалар ма едік? Амал нешік арамызда жоқсыз. Бауырларымызбен бірге зиярат етіп, құран бағыштап, дұға етуден басқа амалымыз жоқ. Алтын құрсағыңызбен, алтындай бауырларымды өмірге алып келгеніңіз үшін рахмет Анашым. Сіз бар жердің бәрі бізге “ЖҰМАҚ” еді. Қазіргі жұбанышым — бауырларым, перзенттерім. Тек шүкір деймін, өзіңдей асылдан туғаныма.Еш бір адам Анасының алдындағы қарызын өтей алмас. Өзің берген ақ батамен ,өзің берген тәрбиемен, өзің берген мейіріммен басымды тік көтеріп, алға қарай жүріп келемін. Менің жасаған әр бір игі ісім сіздің жолыңызда садақа", - деп жазды ол.