Нұрғали Нүсіпжановтің жас әйелі Жадыра әнші Мейрамбектің иығына шапан жапты, деп жазады Ozgeris.info.
Жадыра өмірлік серігі Нұрғали Нүсіпжановтың сахналық киімін Мейрамбек Беспаевтың мерейтойына тарту етті.
"Бүгін қазақ өнерінің тойы. Аллаға мың да бір шүкір. Әнші Әміре бабаларымыздың әуенін жалғап келе жатқан менің Мейрамбек ағатайымдай қазақтың ұлдары бар жерде қазақтың ән өнері мәңгіге өлмейді. Еңбектеріңіз жана берсін. Мына шапан Нұрағаның сахнаға киген шапаны. Кеудеңізде алтын жұлдыз жарқырасын деген ырыммен, Нұрағаның өнердегі жемісті, жеңісті жолы бұйырсын деген ниетпен осы шапанды жабуға рұқсат етіңіз. Ендігі той Мейрамбек ағамыздың "Халық әртісі" атанған күнінде жалғасын тапсын", деді ол.
Желі қолданушылары осы тұста түрлі пікір қалдырды.