АҚШ президенті Дональд Трамп өкілеттік мерзімі 2029 жылдың қаңтарында аяқталғанға дейін өзінің көмекшілері мен кеңесшілеріне алдын ала жаппай кешірім жасауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
CBS News телеарнасына берген сұхбатында ол «өте көп адамға кешірім жасайтынын» айтты. Трамптың сөзінше, бұл шешім оның әкімшілігінде жұмыс істеген қызметкерлерді демократтар тарапынан болуы мүмкін құқықтық қудалаудан қорғауға бағытталған.
Президент Ақ үйдің Сопақ кабинетіне мың миль қашықтыққа дейін жақындаған адамдардың барлығын қорғауға дайын екенін әзілмен жеткізген. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметкерлердің саяси себептермен қудаланбауы керектігін атап өтті.
Өзінің де алдын ала кешірім алу мүмкіндігі туралы сұраққа Трамп әзірге мұндай қадамға бармайтынын айтты. Алайда өзін-өзі кешіруге президенттің құқығы бар деп санайтынын жасырмады.
Сұхбат барысында ол саяси қарсыластарының кейбірін ешқашан кешіре алмайтынын да мәлімдеді. Олардың қатарында АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының бұрынғы спикері Нэнси Пелоси мен Федералдық тергеу бюросының бұрынғы директоры Джеймс Коми бар.