Әнші Балжан Бидаш желіде тараған экс-күйеуі Жахан Отарғалиевтің видеосына жауап берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұған дейін актер сұхбаттарының бірінде Балжан Бидашқа «Қазақстанда теңдесі жоқ әнші екеніңді дәлелде» деген болатын.
«Ешкімге ештеңені дәлелдеудің қажеті жоқ дейді ғой. Бірақ оны мотивация ретінде қабылдаған да дұрыс. Сол арқылы өзіңді дамытасың. Алайда бұл беріліп, бар энергияңды сол адамдарға жұмсау керек деген сөз емес. Бұл стористі оқырмандарыма мотивация болсын деп салдым. Өзіңе сенімді болсаң, артқа қарамай, тек алға ұмтылып, өз жұмысыңды жасайсың. Сондай-ақ олар туралы әңгіме қозғауға да ниетің болмауы керек. Өз күшіңді өзіңе сақта!» – деп жазды әнші.
