Шоу-бизнес

«300 қонақтың арасынан бұйырды»: Блогер Рысбала қуаныштан көзіне жас алды

«300 қонақтың арасынан бұйырды»: Блогер Рысбала қуаныштан көзіне жас алды

Блогер Рысбала Икрамбай тойда күтпеген сыйға ие болып, көзіне жас алды, деп хабарлайды Ozgeris.info

Оның айтуынша, жақында күйеуімен ақылдасып, енесін кіші қажылыққа жіберген. Блогер ұзақ уақыт өтпей  қасиетті мекенге  жолдаманы  тойда ұтып алды.

«Бүгін Мұхтар Ханзада досымыздың шаңырағында үлкен той болды. Ата-аналық міндетін атқарып сүндет той жасады. Той қонақтарының арасында 2 жанға ұлы сапар Ұмра сапарға жолдама ойнатты. Ғайыптан тайып тойдағы 300 қонақтың арасынан біріншісін біздің отбасына нәсіп етті. Екіншісі Әбдіжаппар Әлқожаның отбасына бұйырды. Ойлаңдаршы. Мен Меккеге барып келген соң оған лайықты жүре алмаймын деп қашып жүрген едім, бүгін тойда бұйыртты»,– деп жазды ол.

Барлық жаңалық