Құрылтайда өткен брифингте қаржы министрі Мәди Тәкиев Ұлттық қордан алынатын 1,5 трлн теңге қай салаға жұмсалатынын айтып берді,деп хабарлайды Ozgeris.info.
«Ұлттық қордан 1,5 трлн теңге алынатыны айтылды. Ол ішінара медицина саласына жұмсалады. Біз 8 перинаталды орталық салуымыз керек. Стадиондар мен мәдениет үйлері бар. Қаражат осындай мақсаттарға жұмсалады», – деді Мәди Тәкиев.
Президент келер жылды Құрылыс жылы деп атауды ұсынған еді. Сондай-ақ мемлекет басшысы алдағы төрт айда ұлттық қордан 1,5 трлн теңге алынатынын жеткізген.
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ұлттық қордан алынатын нысаналы трансферт 10 жыл салынатын нысандарды аз уақытта бітіру үшін бөлінетінін айтты.
Жалпы 2029 жылға дейін Ұлтты қордан алынатын 6,5 трлн теңге инфрақұрылым жобаларға жұмсалады. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың айтуынша, қазірдің өзінде жалпы сомасы 1,5 трлн теңгені құрайтын 262 жоба мақұлданған.