Қазақстандық әйелдер «Ұмай» әйелдер ипотекасына байланысты «Отбасы банкінің» алдында ұзын-сонар кезекке тұрды.
Ең қызығы әйелдерге арналған ипотеканы алуға ер адамдар көп жиналған. Кейбірі кезекке түннен бастап тұрған, ал онлайн қызметтер өтініш берушілердің көптігіне шыдай алмады.
20 млрд теңге көлеміндегі жаңа траншқа өтінім қабылдау 3 қарашада басталды. Сағат 11:30-ға дейін банкке 300 өтінім түскен.
Банк өкілдерінің хабарлауынша, өтінім қабылдау әлі де жалғасуда. Ал мамандар онлайн сервистердің жұмысын тұрақтандыру бағытында жұмыс істеп жатыр.