Астанадағы жекеменшік балабақшалардың бірінде тәрбиеленуші баланы өзге бала темір орындықпен бірнеше рет ұрған, деп хабарлайды Ozgeris.info
Оқиға 15 қазанда «София 3» балабақшасында болған. Анасының айтуынша, салмағы 2-3 келі болатын темір орындықпен ұлын бірнеше рет соққан. Сол кезде балалардың жанында тәрбиеші болмаған. Бейнежазбаны көрген әйел баласын балабақшаға қайта апармауға шешім қабылдаған. Оқиғадан кейін баланың анасы полицияға шағымданған.
Сондай-ақ ол қазан айына төлеген 80 мың теңгесін қайтаруды талап еткен. Алайда қаражаты әлі күнге дейін қайтарылмаған.
Аталған жағдайға байланысты Нұра аудандық полиция басқармасы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.