Жаңалықтар

Шымкентте төрт айлық сәби башпайы кесіліп, жансақтау бөліміне түсті

Шымкентте төрт айлық сәби башпайы кесіліп, жансақтау бөліміне түсті

Шымкентте төрт айлық сәбидің аяғындағы башпайлары кесіліп, жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Анасы баланың мұндай жағдайға түсуіне қалалық инфекциялық аурухана дәрігерлерінің салғырттығы себеп болғанын айтып, шағымданды. 

Әйелдің айтуынша, сәбиін ауруханаға тек дене қызуы көтерілгендіктен апарған. Алайда ем қабылдау кезінде баланың жағдайы нашарлап, сепсис пайда болған. Анасы катетер дұрыс қойылмағанын, содан кейін баланың аяғы көгеріп, іріңдегенін мәлімдеді. Ақыры сәбидің бірнеше башпайын кесуге тура келген.

Қазір төрт айлық бала Алматыдағы жансақтау бөлімінде жатыр. Анасының сөзінше, сәби бір айдан астам уақыттан бері есін жимаған.

Осы жағдайдан кейін Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы арнайы комиссия құрып, қызметтік тексеру бастаған. Тексеру қорытындысы бойынша аурухана қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, тиісті шаралар қабылданатыны хабарланды.

Барлық жаңалық