Көріпкел Ақгүл Есетқызы журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында Қазақстанға төнетін қауіп туралы айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Көріпкелдің айтуынша, Қазақстанды алдағы уақытта ашаршылық күтіп тұр.
«Қазақстанда ашаршылық келе жатыр. Бұл туралы жазбамды біраз уақыт бұрын шығарған болатынмын. Астына “Ұрпағыңмен қырылып қал”, “Жағыңа жылан жұмыртқаласын” деушілер көбейіп кетті де, ренжіп, өшіріп тастадым. Қандай ашаршылық келе жатыр? Өте ұқыпты, өте мұқият, өте әдемі, өте саналы түрде жасалған ашаршылық келе жатыр. Отызыншы жылдары болған ашаршылық бірден басталып кеткен жоқ. Оған 10–15 жыл дайындалды. Бізде де дәл сондай болады», – деді ол.
Ақгүл Есетқызы бұл болжамның өзіне қалай келгенін де түсіндірді. Оның айтуынша, маңызды ақпаратты сезген кезде өзін жайсыз сезініп, кейде есінен танып қалатын көрінеді.
«Мен қатты талықсыдым. Күйеуім балалардың шашын қидыруға алып кеткенде, жалғыз үйде қалдым. Сол кезде оң жақтан талып қалу болды. Әсіресе үлкен ақпарат болса, оң жақтан талып қалу болады. Оң құлағым шыңылдап бастайды», – деді көріпкел.
Сондай-ақ ол Алматыда, Ақтауда және Оңтүстік Қазақстанда жер сілкінісі болуы мүмкін екенін айтты.