Танымал әнші Бағлан Әбдірайымов өзіне қатысты әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
«Туған күнге әдемі тілек айттыңыздар. Үлкен рақмет. Туған күннің құрметіне кішігірім көкпар өткіздік. Ол да керемет өтті. Құран оқыттық, бата алдық. Азаматтарды атқа мінгіздік. Бала-шағаммен шәй іштік. Енді жұмысқа кірісейік деп жатсақ, мынадай хабарлама келіп жатыр. Таныстарым хабарласты. Кәдімгідей ел шошитындай, адам шошитындай осындай жаңалық бола ма? Құдайға шүкір, тірімін. Қаншама әндерім бар. Дайындап отырған үш хит әндерім бар. Енді қызық болады», – деді әнші.
Айта кетейік, «Жігіттер» тобының мүшесі Ердос Қанаев Бағлан есімді досының өмірден өткенін хабарлаған. Осыдан кейін көпшілік марқұмды әнші Бағлан Әбдірайымовпен шатастырып алған.