Ақтөбе қаласында TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, әдепсіз ишаралар көрсеткен 42 жастағы ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция қызметкерлері оның жеке басын анықтады. Сот шешімімен ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полиция азаматтарға әлеуметтік желілерде де заң талаптарын сақтауды ескертеді. Тікелей эфир кезінде жасалған құқық бұзушылықтар үшін де заң алдында жауапкершілік қарастырылған.