Қоғам

ТЖМ қызметкерлері жүк көлігіндегі өртті сөндірді

ТЖМ қызметкерлері жүк көлігіндегі өртті сөндірді

Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті маңындағы автожолда жүк көлігі мен оның тіркемесі өртенді, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар өртті тез арада толықтай сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ.

Жол бойында көлік жүргізушілері қауіпсіздік талаптарын сақтап, көліктің техникалық жағдайын алдын ала тексеруі қажет. Өрт немесе түтін байқалған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыздар.

Барлық жаңалық