Шоу-бизнес

«Қыздар жабысып, өздері жүгірді»: Мейрамбек Беспаевтың әйелі күйеуіне қатысты мәлімдеме жасады

«Қыздар жабысып, өздері жүгірді»: Мейрамбек Беспаевтың әйелі күйеуіне қатысты мәлімдеме жасады

Әнші Мейрамбек Беспаевтың жары Махаббат Беспаева жұбайымен алғаш қалай танысқанын айтып, олардың таныстығына 24 жыл толғанын бөлісті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Махаббат Беспаеваның айтуынша, болашақ жарының назарына ілігуіне оның өзгелер секілді әншімен суретке түсуге асықпағаны себеп болған. Екеуі Республика сарайында өткен концерттен кейін танысқан.

«Республика сарайында таныстық. Олар концерт беріп болды. Қыздар суретке түсеміз деп жүгіріп барып, жабысып жатты. Мен болсам: “Кім, неге жүгірді?” – деп қарап тұрмын. Сол кезде Мейрамбек мені байқап қалған. “Ана қыз неге суретке түсуге келмей тұр? Шақырыңдар”, – деді. Таныстығымыз солай басталды», – деді әншінің жары Махаббат Беспаева.

Ол осылайша Мейрамбек Беспаевпен таныстығының күтпеген жерден басталғанын еске алды.

Сонымен қатар Махаббат Бесбаева МузАРТ тобын 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, шығармашылық ұжымға жылы лебізін білдірді.

Барлық жаңалық