Қоғам

Қазақстанның бірнеше облысында -11°C-қа дейін аяз болады

Қазақстанның бірнеше облысында -11°C-қа дейін аяз болады

 «Қазгидромет» болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерде жаңбыр мен қар жауады. Солтүстікте көктайғақ болады деп болжануда, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Республика бойынша тұман түседі. Батыс, оңтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде жел күшейеді. Батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін.

 Астана, Алматы және тағы бірнеше қалада ауаның ластану деңгейі жоғарылайды деп күтілуде.

Барлық жаңалық