Нұрлан имам Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиғадан кейін қаза тапқан отбасыға арнайы барды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол Мұнайлы ауданы, Бесшоқы ауылындағы отбасы мүшелеріне басу айтқан.
"Бұның сыйлығын Құдай өзі береді сізге. Үш нәрсе таразыға қойылмайды. Ораза, сабыр, қарапайымдылық. Түсініп тұрмын іште от жанып тұр. Бәріміз адамбыз. Бұл қалай болды деген сұрақ қалды. Жауабы Аллада, басқа ешкім білмейді. Пайғамбарымыз "егер" деген сөзді айтпашы дейді. Болатын нәрсе сандыққа салып қойсаң да болатын еді. Құдай берді қуаныңыз, енді алды алданыңыз. Жақсы адам дүниеге келгенде қуанады, дүниеден кеткенде ел қайғырады. Құдайға жаққан бала екен осы жасында елді, қазақты, игі жақсының бәрін балаңыз алдына жықты. Әруағы пейіште шалқысын", деді имам.