Айнұр Тұрсынбаеваның құдағиы Эльмира қызын азық-түлікпен қамтамасыз ететінін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол енесіне ет асып бермеген қызын сынға алған.
"Құдағиымның сторисін көріп, қызымның үйінде ет таусылған шығар деп ойлап қалдым. Құдағиым вафли мен кофеге риза болып отыр, ал менің ойымда - бешбармақ! Сөйтіп, бүкіл отбасымды іске қостым. Ет те, фарш та, тауық еті де, балық та мұздатқыштағы барымызды жинадық. Тіпті Көкшетаудағы аташка да жылқының етін жіберді. Түн ішінде Indriver-мен Алматыға жібердік", деп жазды ол.
Бұны көрген айтыскер Тұрсынбаева: Менің етімді бөлек жіберіңіз, құдағи, деп әзілдеді.