Жаңалықтар

«Мынадай командирлерден Құдай сақтасын»: Маңғыстаулық блогер теңізде не болғанын айтты

«Мынадай командирлерден Құдай сақтасын»: Маңғыстаулық блогер теңізде не болғанын айтты

Маңғыстаулық блогер Азамат Сәрсенбаев оқу-жаттығу кезінде 9 сарбаздың қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info

Оның жазуынша, үш сарбазды құтқару мүмкін болған, ал қалғандарын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

«Ресми түрде 9 сарбаз қаза тапты. Үшеуін құтқарып қалды. Қалғандарын іздеп жатыр. Бейресми ақпаратқа сәйкес, командирлер сарбаздарды бір метр тереңдікте десант түсіру жаттығуын пысықтауға жіберген. Олар толық әскери жабдықпен суға түсіп, дауылды ауа райында жағалауға қарай бет алған кезде шамамен екі метрлік терең жерге тап болып, суға батып кеткен… Осындай командирлерден Құдай сақтасын… Имандары саламат болсын… Қаза тапқан сарбаздардың көбінің әскери қызметінің аяқталуына небәрі 8-9 күн қалған», – деп жазды Азамат Сәрсенбаев.

Блогер оқиғаның мән-жайына қатысты мәліметтің бейресми ақпаратқа негізделгенін атап өтті.

Барлық жаңалық