Жаңалықтар

Түркістан облысында ауыл шаруашылығына бөлінген 1,1 млрд теңге жымқырылған

Түркістан облысында ауыл шаруашылығына бөлінген 1,1 млрд теңге жымқырылған

Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті субсидия қаражатын жымқыру схемасын ұйымдастырған. Ол жабдық жеткізуші, лизинг беруші және мемлекеттік қолдау алушы ретінде әрекет еткен бірнеше коммерциялық ұйымды өз бақылауына алған,деп хабарлайды Ozgeris.info.

Атап айтқанда, екі ЖШС арқылы 81 жаңбырлатқыш машина сатып алуға субсидия алу туралы өтінімдер рәсімделген. Лизинг беруші ретінде күдікті бақылайтын микроқаржы ұйымы көрсетілген. Бюджеттен бөлінген субсидия қаражаты осы ұйымның арнайы шотына аударылған.

Алайда 37 жаңбырлатқыш машина іс жүзінде жеткізілмеген және орнатылмаған.

Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 1,1 млрд теңге деп бағаланып отыр. Күдікті қамауға алынды. Қазір тергеу жалғасып жатыр.

 

Барлық жаңалық