Жезқазғанда шалғайдағы өндірістік нысаннан шұғыл медициналық эвакуациялау (MEDEVAC) бойынша кешенді оқу-жаттығу өтті. Медициналық мамандар, авиациялық қызмет пен «Қазақмыс» Тобының бейінді бөлімшелері зардап шеккен жұмыскерге шартты түрде медициналық көмек көрсету және оны медициналық мекемеге тасымалдауға дайындау кезіндегі бірлескен іс-қимылды пысықтады, деп жазады Ozgeris.info.
Оқу-жаттығуды «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Әлеуметтік саясат департаментінің медицина бөлімі «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС, «Жезқазған-Эйр» авиакомпаниясы» АҚ және корпорацияның бейінді бөлімшелерінің өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырды.
Жаттығу сценарийіне сәйкес, «Жомарт» кенішінде шартты түрде төтенше оқиға орын алып, салдарынан бір жұмыскерге шұғыл медициналық көмек көрсету қажеттілігі туындады.
Қатысушылар оқиға туралы хабарлама алудан және алғашқы медициналық көмек көрсетуден бастап, медициналық эвакуациялауды ұйымдастыру мен шартты пациентті қабылдаушы тарапқа тапсыруға дейінгі іс-қимылдарды жүзеге асырды.
Кеніштің медициналық пункті, Жезқазған медициналық орталығы, авиациялық қызмет пен корпорация бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Зардап шеккен адамның жағдайы туралы ақпаратты беру тәртібі, оны әуе көлігімен эвакуациялау туралы шешім қабылдау, жауапты тұлғаларға хабарлау және медициналық бригаданы дайындау барысы тексерілді.
Оқу-жаттығудың практикалық кезеңі «Жезқазған-Эйр» авиакомпаниясының L-410 ұшағын пайдалану арқылы өтті. Медициналық персонал мен әуе кемесінің экипажы шартты түрде зардап шеккен адамды бортқа орналастыру және оны қабылдаушы тарапқа тапсыру тәртібін пысықтады.
Бұл ретте ұшақ іс жүзінде әуеге көтерілген жоқ.
Жаттығу барысында эвакуациялаудың барлық кезеңіне уақыт өлшемі жүргізілді. Алғашқы ақпаратты беруден бастап ұйымдастырушылық және медициналық іс-шараларды орындауға дейінгі уақыт тіркелді.
Алынған деректер әрекет ету жеделдігін бағалау, ықтимал іркілісті анықтау және қызметтер арасындағы өзара іс-қимыл алгоритмін одан әрі жетілдіру үшін пайдаланылады.
Қазақмыстың шалғайдағы өндірістік нысандары үшін шұғыл медициналық эвакуациялауға дайын болу ерекше маңызға ие. Шұғыл ауруханаға жатқызуды қажет ететін жағдайда авиацияны пайдалану пациентті мамандандырылған медициналық мекемеге жеткізу уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.
Өткізілген оқу-жаттығу компанияның өндірістік нысандардағы медициналық әрекет ету жүйесін жетілдіру, персоналдың штаттан тыс жағдайға дайындығын арттыру және жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысының бір бөлігі болды.
Жаңалықтар
«Қазақмыс» L-410 ұшағын пайдаланып, медициналық эвакуациялау тәртібін пысықтады
Фото: Қазақмыс
23.11.2026
0
-
«Менде шаруаң болмасын!»: Тұрсынбаева өзін келемеждеген әзілкешке жауап берді10:02, 23 қараша 2026
-
«Қазақмыс» L-410 ұшағын пайдаланып, медициналық эвакуациялау тәртібін пысықтады09:55, 23 қараша 2026
-
Астананың бірнеше ауданында жарық, су және жылу өшіріледі09:42, 23 қараша 2026
-
АҚШ-та тағы да авиациялық ақау: мыңдаған рейс кешігуі мүмкін09:40, 23 қараша 2026
-
Алматыда жолды кесіп өтпек болған қызды көлік қағып кетті09:21, 23 қараша 2026
-
Қарағандыдағы циркте акробат өнер көрсетіп жатып бес метр биіктіктен құлады17:00, 22 қараша 2026
-
Бибісарамен ойнаудан бас тартқан: Магнус Карлсен жазалануы мүмкін16:00, 22 қараша 2026
-
«Димаштан мұндайды күтпедік»: Әйгілі әнші сахнада жанкүйерімен сүйісті15:06, 22 қараша 2026
-
Тоқаев Ливан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады14:15, 22 қараша 2026
-
«Ісім сенімен болсын»: Дариға Бадықова өзін тілдеген психологқа сес көрсетті12:55, 22 қараша 2026
-
«Ісім сенімен болсын»: Дариға Бадықова өзін тілдеген психологқа сес көрсетті12:55, 22 қараша 2026
-
«Димаштан мұндайды күтпедік»: Әйгілі әнші сахнада жанкүйерімен сүйісті15:06, 22 қараша 2026
-
Тоқаев Ливан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады14:15, 22 қараша 2026
-
Бас тартқандар қызметінен айырылады: Елімізде шенеуніктер есірткіге тексерілетін болды11:00, 22 қараша 2026
-
Қожа Ахмет Ясауи мұрасы – түркі әлемінің рухани тұтастығын жалғаған құндылық12:39, 22 қараша 2026
-
Бибісарамен ойнаудан бас тартқан: Магнус Карлсен жазалануы мүмкін16:00, 22 қараша 2026
-
Қарағандыдағы циркте акробат өнер көрсетіп жатып бес метр биіктіктен құлады17:00, 22 қараша 2026
-
Алматыда жолды кесіп өтпек болған қызды көлік қағып кетті09:21, 23 қараша 2026
-
Астананың бірнеше ауданында жарық, су және жылу өшіріледі09:42, 23 қараша 2026
-
АҚШ-та тағы да авиациялық ақау: мыңдаған рейс кешігуі мүмкін09:40, 23 қараша 2026
-
Жұлдызай Дүйсенбиева эфирде ағыл-тегіл жылады16:10, 17 қараша 2026
-
-
Белгілі кәсіпкер Тұрсынбек Қабатовқа күтпеген сый жасады14:23, 17 қараша 2026
-
«Кеудедегі қос анар»: Төреғали Төреәлі әнші Балжан Бидашқа бейәдеп сөздер жазды13:00, 17 қараша 2026
-
«Тойған сайын құтырады»: Тұрсынбектің үлкен қызы әкесінің тоқалына жауап берді10:48, 18 қараша 2026
-
«Марқұм әйеліне ұқсайды»: Аманжол Әлтаевтың отбасылық суреті елдің назарын аударды12:21, 16 қараша 2026
-
«Музыкалық сауаты жоқ»: Марат Омаров Нұрлан Өнербаевқа өкпесін айтты16:17, 17 қараша 2026
-
«Сәбиіміздің жүрегі тоқтады»: Жахан Отарғалиевтің әйелі мәлімдеме жасады15:42, 18 қараша 2026
-
Мәдина Сәдуақаова жездесінің қазасынан кейін жазба жариялады11:05, 17 қараша 2026
-
«Толықтығымның кесірінен махаббаттан жолым болмады»: Айшолпан Байтүгел ағынан жарылды12:27, 19 қараша 2026
-
«Дана әйел»: Бағдат Әшімова Асанәлі Әшімовтің артында қалған ұрпақтарын таныстырды12:00, 15 қараша 2026
-
«Ұят болды, әлі сенбейміз»: Өзінен 6 жас үлкен әйелді алған әнші жаңалығын жария етті12:54, 12 қараша 2026
-
Жұлдызай Дүйсенбиева эфирде ағыл-тегіл жылады16:10, 17 қараша 2026
-
-
«Лашын Құс» феномені: Ақгүл Әсетқызының болжамдары мен өткеніне қатысты дау19:34, 29 қазан 2026
-
Мәдина Сәдуақасованың отбасында қайғылы жағдай болды10:12, 11 қараша 2026
-
«Тұрсынбектің бетіне басып тұр»: Роза Рымбаеваның мерейтойдағы тілегі талқыға түсті10:20, 09 қараша 2026
-
-
«Қара жерге кіргізді»: Асаба Тұрсынбек Қабатовтың тоқалын ел алдында ұялтты09:50, 12 қараша 2026
-
Белгілі кәсіпкер Тұрсынбек Қабатовқа күтпеген сый жасады14:23, 17 қараша 2026