Жаңалықтар

Астананың бірнеше ауданында жарық, су және жылу өшіріледі

Астананың бірнеше ауданында жарық, су және жылу өшіріледі

23 қараша, дүйсенбі күні Астананың бірнеше тұрғын үйінде коммуналдық қызметтер уақытша тоқтатылады, деп жазады Ozgeris.info. 

Бұл туралы iKOMEK 109 хабарлады.

Алтын сақа көшесіндегі №11, 16, 18, 19, 20 және 22 үйлерде сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін электр жарығы болмайды. Бұған ағаштарды бұтау жұмыстары себеп.

Е-127 көшесіндегі №27 және 27А үйлерде сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін су беру тоқтатылады.

Сонымен қатар, А. Байтұрсынұлы көшесі, 18-үйде сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін ыстық су мен жылу өшіріледі.

Барлық жаңалық