Алматы қаласында жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған екі қыздың бірін көлік қағып кетті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы күндізгі уақытта Алматы қаласының Бостандық ауданында болған. Екі қыз Абай даңғылының Өтеген батыр мен Тілендиев көшелерінің аралығындағы бөлігінде арнайы жаяу жүргіншілер өткелі жоқ жерден жолды кесіп өтпек болған.
Сол сәтте даңғыл бойымен шығыс бағытта келе жатқан BYD автокөлігі қыздардың бірін қағып кеткен. Салдарынан дене жарақатын алған бойжеткен жедел жәрдем көлігімен қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді.