Шоу-бизнес

«Сасып отырғандарды анықтайды»: Тұрсынбектің екінші әйелі жаңа платформа ойлап тапқан

«Сасып отырғандарды анықтайды»: Тұрсынбектің екінші әйелі жаңа платформа ойлап тапқан

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман әлеуметтік желідегі жалған парақшалардың иесін анықтауға көмектесетін платформа жасап жатқанын мәлімдеді. Ол жобаны АҚШ-та тұратын қазақстандық досымен бірге әзірлеп жатқанын айтты, деп жазады Ozgeris.info.

Айманның сөзінше, досы идеяны жүзеге асыруға бір ай уақыт сұраған. Платформаның дайын болғанына екі айдан асқан.

«Бұл платформа әлеуметтік желіде жалған парақшамен біреуді қаралап, жала жауып жүргендерді анықтауға көмектеседі. Қызмет ретінде ұсынамыз. Біреу сізге жалған парақшадан жазып, қараласа, оның қай қалада тұратынын, электрондық поштасын, телефон нөмірін және басқа деректерін анықтап береміз. Содан кейін сол дәлелдермен сотқа жүгіне аласыз», — деп жазды Айман.

Ол мұндай мүмкіндікке арналған платформалар бұрыннан бар екенін, бірақ оларды тек заң аясында жұмыс істейтін мамандар ғана пайдалана алатынын айтты. Ал өзі әзірлеп жатқан сервисті көпшілікке қолжетімді жаңа платформа ретінде таныстырды.

«Қазақтың білімді жігіттері жердің қай түкпірінде жүрсе де жетерлік. Адам ойлап тапқан нәрсені адам жасай алады. Сондықтан біреуге бірдеңе жазбас бұрын жақсылап ойланған жөн», — деді ол.

Айман платформаның қашан іске қосылатынын және оның айтылған деректерді қалай анықтайтынын нақтыламады.

Барлық жаңалық