Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов анасының өзіне қонаққа келгенін айтып, қуанышымен бөлісті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Өнер иесі анасының батасын алып, екі айлық гастрольдік сапарға шығатынын айтты.
«Алақай, анам келді. Балаша қуанып отырмын. Екі ай гастрольдік турдың алдында батасын беріп, шығарып салуға келді. Жан анашым, жүз жасаңыз», – деп жазды Тұрсынбек Қабатов.