Қоғам

«Ақшасы бар, тәрбиесі жоқ»: Жұмабек Жанықұл жүргізушіні шертіп жіберді

«Ақшасы бар, тәрбиесі жоқ»: Жұмабек Жанықұл жүргізушіні шертіп жіберді

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның күйеуі, кәсіпкер Жұмабек Жанықұл әдепсіз әрекетімен сынға қалды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Желіде тараған видеода кәсіпкер әйелін “Динара Сәтжан” деп хабарлаған жүргізушіні шақырып алып, құлағынан шертіп жіберген.

«Zamanback-2» фильмінің арнайы қонақтары Жұмабек пен Динара Жанықұл болған. Алайда жүргізуші тележүргізушіні «Динара Сәтжан» деп таныстырған. Бұған наразы болған Жұмабек Жанықұл жүргізушіні шақырып алып, ескерту жасаған. Енді ескеріп жүрейік», – делінген желіде тараған видеода.

Көпшілік кәсіпкердің бұл әрекетін жиналған көрерменнің алдында көрсетуді – әдепсіздік деп бағалады.

Барлық жаңалық