Шоу-бизнес

«Өмірдегі ұстазым демеші»: Қанат Әлжаппаров әйелінің Тұрсынбек Қабатовпен араласуына қарсы екенін айтты

«Өмірдегі ұстазым демеші»: Қанат Әлжаппаров әйелінің Тұрсынбек Қабатовпен араласуына қарсы екенін айтты

Танымал әзілкеш Қанат Әлжаппаров концертінде Тұрсынбек Қабатов туралы айтып, жұбайының кеңесін әзілмен жеткізді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Мен әрқашан айтып жүремін, Тұрсынбек Қабатов – менің өнердегі, өмірдегі ұстазым. Осылай десем, келіншегім: “Өмірдегі деп айтпашы. Өнердегі ғана ұстазың болсын, өмірде саған сабақ бермесін. Өмірде бірдеңеге миың жетпей жатса, мен-ақ көмектесемін. Ешкімнен ақыл сұрамашы. Астанаға мүлде бармашы”, – деді ғой», – деді әзілкеш.

Көпшілік әзілкешке әйелін тыңдауға кеңес берді.

«Әйелің өте дұрыс айтып отыр», «Әзіл әрі зіл», «Келіншегіңді тыңдасаң, қор болмайсың», «Қанаттың әзілдері Тұрсынбектен жақсы», «Нұргүлді тыңдап жүре берші,–деп жазды оқырмандар. 

Барлық жаңалық