Қоғам

СҚО-да белгісіз сусын ішкен екі ер адам қайтыс болды

СҚО-да белгісіз сусын ішкен екі ер адам қайтыс болды

Солтүстік Қазақстан облысында белгісіз сұйықтық ішкен екі ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Дәрігерлердің мәліметінше, 48 және 52 жастағы ер адамдар ауруханаға ауыр улану белгілерімен жеткізіліп, біреуі алғашқы тәулікте, екіншісі үшінші тәулікте көз жұмған. 75 жастағы үшінші науқастың жағдайы өте ауыр.

«Қазір жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 75 жастағы ер адам ауруханада жатыр. Масан күйде түсті. Түсу уақытында енді айтулары бойынша түскі уақытта ішкен, бірақ аураханаға кешкі сағат 5 пен 6 арасында жеткізілді. Әлсіреу бар, бас айналу, маңындағы адамдарды танымау, құсу секілді белгілер болған»,- деді СҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.


Алдын ала мәлімет бойынша, үшеуі қоқыс контейнерінен тапқан бөтелкедегі сұйықтықты ішкен. Полиция сұйықтықты сараптамаға жіберіп, қылмыстық іс қозғады.

Барлық жаңалық