Каспийде қаза тапқан Түркістан облысының тумасы Олжас Мұхтарұлының бала күнгі арманы әскери қызмет атқару болған, деп хабарлаған Ozgeris.info.
Бұл туралы әлеуметтік желідегі жазбада айтылды. Жазба авторының мәліметінше, Олжас Ресейде осы сала бойынша сегіз жыл білім алып, оқуын аяқтаған соң елге оралған. Ақтауға көшіп келгеніне бір ай ғана болған. Жас азамат «Енді жұмыс істеймін» деп, арманына жетуге асыққан.
Олжас 2003 жылғы 9 қаңтарда дүниеге келген. Жазба авторы жас жігіттің қазасына байланысты жақындарына көңіл айтып, ата-анасына сабыр тіледі.