Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтіп, екі елдің тауар айналымын 10 млрд АҚШ долларына жеткізу көзделіп отыр. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев құрылтай аясында өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Министрдің дерегінше, өткен жылы екі мемлекет арасындағы өзара сауда көлемі 4,7 млрд долларға жеткен. Ал биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 3,7 млрд долларды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29%-ға артқан.
Мәди Такиевтің айтуынша, екі ел арасындағы сауда қарқыны тұрақты өсіп келеді. Ендігі мақсат – бұл көрсеткішті 10 млрд долларға дейін ұлғайту.
Осы бағытта Қазақстан мен Өзбекстан кедендік келісімге қол қойған. Құжат екіжақты сауда рәсімдерін жетілдіруге, экономикалық әріптестікті нығайтуға және өзара тауар айналымын арттыруға мүмкіндік береді.