Қоғам

Қазақстан түрмесінен шыққан Navai концертіне билет сатуды қайта бастады

Қазақстан түрмесінен шыққан Navai концертіне билет сатуды қайта бастады

Navai Қазақстандағы тергеу изоляторынан босатылғаннан кейін Кишиневтегі концертіне билеттер сатылымын қайта бастады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

SHOT басылымының мәліметінше, әзірге Молдова астанасындағы концертке ғана билет сатып алуға болады.

Әншінің ұсталуына байланысты 16 қазанға жоспарланған концерт 8 желтоқсанға ауыстырылған. Қалған концерттер әзірге тоқтап тұр. Олардың қатарында ертең Мәскеуде өтуі тиіс концерт те бар.

Еске салайық, бұған дейін Наваиды тергеу изоляторынан босатқанын хабарлаған едік. Кеше ол Ресейге оралды. Күдіктінің «өкінуіне» байланысты қылмыстық іс толық тоқтатылған.

 

 

Барлық жаңалық