Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан күйеуі Жұмабек Жанықұлдың әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол Жұмабек Жанықұлдың әрекетін Серік Ибрагимовтың фильміне жасалған керемет жарнама деп бағалады. Сондай-ақ ол жарнама үшін күйеуіне кассалық түсімнен пайыздық төлем беруі керегін атап өтті. Түскен ақшаны күйеуі қайырымдылыққа жұмсауға ниетті көрінеді. Інілерімен сыйластығы жақсы екенін айтып, көршілікті күйеуінің бұл әрекетін әзіл ретінде қабылдауға шақырды.
«Профиліме келетін болсақ, Instagram да, Facebook те, YouTube та менің тегімді өзгерте алмайды. Себебі аккаунттарым верификациядан өткен. Ал құжат бойынша менің тегім шынымен де Жанықұл. Толық аты-жөнім – Динара Жанықұл», – деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін кәсіпкер Жұмабек Жанықұл әйелін «Динара Сәтжан» деп таныстырған жүргізушіні шақырып, құлағынан шертіп жіберген еді. Кәсіпкердің бұл қылығы желіде қызу талқыланып жатыр.